ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ОЗАТТАРЫ

 Дарынды балаларға арналған "Жас ғалым" республикалық ғылыми-танымды журналының оқырмандар көзайымына айналғанына бес жылдан да асып қалды. Осы уақыт аралығында журнал Қазақстанның бірқатар өңіріндегі дарынды, талантты, білімді және ізденімпаз оқушыларды жарыққа шығарды.

Басылымның мақсаты - жастарды оқып, білім алудан, ізденуден жалықпауы, сол ізденістерін басылым бетіне шығаруға көмектесі. Сол арқылы талаптарын ұштап, қанаттарын қатайту. Алуан түрлі тіршілік құбылыстарын тануға деген ұмтылыстарын қолдап, қабілеттерін ашу, таланттарын таныту болып отыр.

Басылымның "Білім негізі - бастауышта" айдарына үздіктер қатарынан көрініп, білім шыңына қол созып жүрген балаларды ай сайын жазуға басымдық беріп келеміз. Журналдың қазан айындағы қонақтары Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Ә.Ақабаев атындағы бастауыш мектебінің оқушылары. Іргелі оқу орныныңбілікті ұстаздары Гүлнұр Ахметова, Бибігүл Каманова, Гүлбану Тастанова және Айнұр Исаевалардың табанды еңбегінің арқасында мектептің оқушылары жеңіс тұғырынан көптеп көрінуде.