Түркістан облысы, Кентау қаласы,  «Шаштөбе» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.    Мұғалімнің аты-жөні: Ташпулатова Н

Сабақтың тақырыбы

Тақырып:Ұлы Жібек жолы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.О4.Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.

7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

Сабақтың мақсаттары

 

Барлық оқушылар:

Қазақ тілінде Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, сұрақтарға жауап береді..

Оқушылардыңбасымбөлігі:

Сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыс тарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Кейбіроқушылар:

Ұлы Жібек жолына қатысты ақпаратты талдайды

 

Бағалаукритерийі

-         сөздердің синонимін жазады;

-         сөйлем құрай алады;

-         Картадан Ұлы Жібек жолын таба алады;

-         Ұлы Жібек жолы  бойындағы қалалар туралы айта алады.

 

Тілдікмақсаттар

 

Терминологиямен жұмыс:Лазурит, «Нефрит жолы»,археологиялық ескерткіштер.

Айтылым/жазылымға қажетті  тіркестер:қала сырты,өзен жағасы, керуен бойы.

Тыңдалым дағдысы:Ұлы Жібек жолының тарихы туралы видеоролик көрсетіледі. 

-    Айтылым дағдысыТопта бірігіп,жұппен  жұмыс жасау барысында жаңа тақырып бойынша негізгі мәселені талқылау.

-    Жазылым дағдысы: Берілген зат есімдерге көмекші есімдерді жалғап,күрделі сөзге айналдыу арқылы жазылым дағдысын қалыптастыру

- Оқылым дағдысы: «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы

оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырманың мазмұнын талқылайды

Диалогтық сұрақтар:

  1. 1.     Ұлы Жібек жолы экспедициясына немен бардыңдар?
  2. 2.     Отырарда не көрдіңдер?

Құндылықтарға баулу

 

Біздің заманымызға дейінгі ІІғасырдың ортасында Еуропамен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыра отырып тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау сезімін қалыптастыру арқылы еңбекке баулу.

Пəнаралықбайланыс

 география,қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы.  Ұлы Жібек жолының географиялық орналасуын анықтайды.

АКТ қолдану дағдылары

 Электрондық ресурстарды тиімді пайдалану  арқылы  оқушылардың  өзіндік ізденіс дағдысын қалыптастыру.

Тақырып бойыншаалдыңғыбілім

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерінен өткен қалалары туралы біледі.

 

 Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарлан-ғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 кезең

3 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

 -  Сәлемдесу

 -  Оқушыларды түгендеу

  - Психологияық ахуалды қалыптастыру: Шаттық шеңбері арқылы жаңа сабаққа дайындау.

Оқушыларды  2топқа бөлу. 
1-топ                      тобы

2-топ                       тобы

“Бір минуттық  әңгіме ” тәсілі

Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырманың мазмұнын талқылайды. 

 

 

 

 

 Суреттер.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дайындаған «Қазақстан тарихы»

 6-сынып оқулығы.

  

Слайдтар

 

3 минут

       “Ассоциограмма”

“Отырар-...” Диаграмманы толтырыңдар.Жазған сөздеріңнің ішінен өзің қалаған екі сөздің синонимін жазыңдар.Оларды кірістіріп,сөйлем құраңдар. 

 

Интерактивті

тақта

Сабақтың ортасы

20 минт.

                Полиглот

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың

 «Қазақстан -2050» стратегиясындағы тілдердің үш түғырлығы бағдарламасын  негізге ала отырып, «Полиглот» ойынын жүргізу.

Оқушыларға сөйлемнің қалып кеткен тұсын тапқызу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

1.Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ... ақын Абай.

2.Қағанат жерінде жібек саудасының дамығанды- ғын қаған ордасында болған қытай монахы Сюань Цзяньнің мына жазбасынан анық байқауға болады. Ол: «Қаған жасыл ...тен желбегей шапан киген». 

3. М.Әуезовтың атақты романы: «Абай ...» 

                   Ұлы Жібек Жолы

1-тапсырма. Жазылым.

Жеке жұмыс. Картаға қарап,”Ұлы Жібек жолы”бойындағы қалалардың атын жаз.Осы қалалардың қайсысы туралы не білесің?Ол неге “Ұлы Жібек жолы”деп аталған.

                         Критерийі:

-   Картадан Ұлы Жібек жолын таба алады;

Ұлы Жібек жолы  бойындағы қалалар туралы айта алады. 

                       Жаңа сөздер

                                       Теңеу

Теңеу- затты,нәрсені ,құбылысты немесе заттың, нәрсенің,құбылыстың белгісін,қасиетін, сапасын екінші бір нәрсемен салстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым .Теңеулер көбінде –дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары арқылы  жасалады.

Мысалы:Өзендей күркіреген дауыс шықты.

Арманы асқар таудай.

Алтындай асыл сөзің бізге мұра.

 

                 4-тапсырма.Оқылым

  “Спирал”әдісі бойынша мәтінді оқы.

            Ұлы Жібек жолы.

Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы-Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.Негізінен “Лаурзит жолы”-Мысыр ,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лаурзит тасы тасымалданатын жол. “Нефрит жолымен” қытай патшалары мен бай шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға ұажетті гауһар тас,нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. “Құндыз жолымен ”бағалы аң терілері әр елге таралған. 

 

6-тапсырма. Айтылым.Жеке жұмыс

Ширату тапсырмасы “Сіз қаншалықты сенесіз ”әдісі арқылы мәтіндегі ақпараттардың дұрыс бұрыстығын тексер

 

Ақпарат

дұрыс

бұрыс

Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің ғана арасын байланыстырды.

 

 

Ұлы  Жібек Жолында тек Қытай жібектері сатылды.

 

 

Ұлы Жібек Жолы Қазақстан жерінен де өтеді.

 

 

Критерийі:

-          Ақпараттарға дұрыс жауап бере алады

8-тапсырма . Жазылым.Жеке жұмыс

Төменде берілген зат есімдерге көмекші есімдерді жалғап,күрделі сөзге айналдыр.

 

Қала,өзен ,Ұлы Жібек жолы, керуен, сауда жолы , мәдениет, өркениет.

11-тапсырма . Айтылым.Жұппен жұмыс

Берілген сөйлемдерге сұрақ қойып,далогті  жалғастырыңдар.

 

-Бізжазғы демалыста отбасымызбен Ұлы Жібек жолы экспедициясына қатыстық

-...?

-Арнайы автобуспен бардық.

-...?

-Көне қалалардың орындарына бардық. Олардың өркениетіне таң қалдық.

-...?

-Отырар қаласы маған ерекше әсер етті.

12-тапсырма .

“Синектика” әдісі бойынша сабақты бекіту

Көне қалалардың орнынан табылған күміс ақшаның атынан қазіргі ұрпаққа хат жаз. Өз тарихыңды айтып,оның өзіңе деген көз қарасын қалыптастыр. Хатқа керекті ақпараттарды қосымша қайнаркөздерден тап.

 

 

Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Дәулетбеков, Р.С.Рахметова «Көкжиек Горизонт» дайындаған «Қазақ тілі мен әдебиеті»

7-сынып оқулығы.

 

 

 

 

 

 

Интерактивті  тақта, Қазақстан  картасы,кескін картасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Дәулетбеков, Р.С.Рахметова «Көкжиек Горизонт» дайындаған «Қазақ тілі мен әдебиеті»

7-сынып оқулығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көмеков Б.Е., Жұмағанбетов Т.С., Игілікова К.С.

Қазақстан тарихы 5-сынып оқулығы. Алматы: Атамұра, 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестелер,интерактивті  тақта, карта.

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

   

 .

Сабақтың соңы

13 минут

 Қорытындылауға арналған тапсырма:

           13-тапсырма .

      “INSERT оқыту стратегиясы

 

стикерлер

Үйге тапсырма

1минут

                    5-тапсырма .

Мәтіндегі қою қаріппен белгіленген сөздерді орыс тіліндегі аудармасымен жаз.Зат есімдерді өзің білетін теңеу сөздермен тіркестіріп жаз.

Оқулық, тарихи қосымша деректер, кесте

Саралау – СізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексізСізбасқаларғақарағандақабілеттіоқушыларғақандайтапсырмаларбересіз?

Бағалау – Сізоқушылардыңматериалдыигерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз?

 

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау.

 

 

 

Сабақта оқушылар тақырыптың

мақсатына жетуде барлық оқушылардың белсенді оқуға қамтылуын, бірлескен оқу жағдайында білімді игеруін қадағалауда белсенді оқу жаттығуларын  іріктедім, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында видеоматериалмен жұмыс,сөздікпен жұмыс әдістерін сабақта қарастырдым. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстарда  «Сіз қаншалықты сенесіз», «Бір минуттық әңгіме » , «Кескін карта»  арқылы тарихи білімді меңгерулеріне ықпал етуді жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушылардың Қазақстаннан өткен Жібек жолы бойындағы қалаларды сипаттауда оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беріледі.   Оқушылардың ойлау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында «Өтініш хат» ойыны қолданылады, бейнеролик көрсету арқылы айтылым-тыңдалым дағдысын қалыптастырамын.

Оқу  үдерісінде оқушылардың игерген білімін қай деңгейде екенін анықтау мақсатында  қалыптастырушы бағалау жүргізе  асыра  отырып дескрипторлар арқылы бағалаймын. Оқушылар сабақта бағалау критерийіне сәйкес құрастырылған дескрипторларға сүйене отырып өзін-өзі бағалайды.

 

Кері байланыс: Бүгінгі сабақтың соңында өзіңді қалай бағалайсың?

Оқушылар сабақта жаңа сабақ түсінікті, жартылай түсінікті, түсініксіз болғанын ИНСЕРТ стратегиясы арқылы өзін көрсету арқылы қорытындылаймын.

  

 

Оқушыларға АКТ қолдану, электронды оқулықты қолдану барысында қауіпсіздік ережесі таныстырылады, топпен жұмыста топ ережесі таныстырылады.

Сабақта Өнер, география, дүние жүзі тарихы.

пәндерімен пәнаралық байланыстар жүргізіледі.

 

Сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың 

 

  

 

Жалпы бағалау

Сабақта еңжақсы өткен екі нәрсе : (Оқу мен оқытуға қатысты)

1. «Бір минуттық әнгіме»әдісі;

2.«Сіз қаншалықты білесіз» тәсілі;

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етеді.(оқу мен оқытуға қатысты)

1.оқушылардың  кестелермен жұмыс істей алуы.

2.ақпараттар қорының қолжетімділігі.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет.