Өмір - өмір сүру үшін беріледі

Тренинг тақырыбы: Өмір-өмір сүру үшін беріледі

Мақсаты: Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.Оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту, өмірді түсінуге баулу;

Көрнекілігі: өмір туралы нақыл сөздер, суреттер, гүлдер;

Тренинг барысы:

  • Кіріспе
  • Топқа бөлу, жағымды психологиялық ахуал орнату
  • «Өмірің өз қолыңда»  бейне көрсетілім
  • Бізге өмір не үшін беріледі?  (топтық жұмыс)
  •  «Жан –дүниеңді тани біл» жаттығуы
  •  «Жаңа күнге тілек»  бейне көрсетілімі
  • «Мен өмірді сүйемін, себебі ...» жаттығуы
  • Рефлексия

Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдіру;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.

  Кіріспе

     Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
   Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
   Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.

Топқа бөлу ( өлең жолдары арқылы)

Оқушыларға сыныпқа кіріп келе жатқанда  қолдарына бір қатар өлең  жолы жазылған  парақ беріледі.  Топқа бөліну барысында өлең шумақтарының жалғасын тапса 4 оқушы бір топ болады.  Жағымды атмосфера  орнату үшін топ құралған соң  өлең шумақтарын бірге оқиды.

   «Өмірің өз қолыңда»  бейне көрсетілім

Бізге өмір не үшін беріледі?  (топтық жұмыс)

Ал енді оқушылар біз өмір сүру барысында біз қуаныш, жақсылық, мейірімділікпен қатар еріншектік, көреалмаушылық, сатқындық секілді жат қылықтардыда басымыздан өткереміз. Бұл өмір  біз өзіміз қалай алдымызға мақсат қоямыз, ниетіміз қалай? Міне өмірімізде солай болып кете барады екен. Олай болса қазір өздеріңмен бірге келесі жаттығуды жасап көрейік. Өздерің байқап отырғандай тақтада сурет ілініп тұр. Сурет бетінде жапсырмалы сурет тағы бар. Сол жапсырмалы суретті  әр топтан бір адам барып алып,  топтарыңызға келіп, біргелікте берілген тапсырманы орындайсыңдар. Жағымды жақтарын плакат бетіне түсіремізда, өмір сүру барысында бақытты күн кешу үшін біздегі қарама-қарсы тұратын қасиеттермізге  ойша айтып береміз. Әр айтқан жағымсыз қасиетіміз үшін алдарыңда тұрған плакаттың бетін сызып отырамыз.

«Гүл» бейнесіндегі тапсырма: Өмірдегі бақытты сәттер деп қандай  сәттерді айтар едіңдер?

«Бұлақ»  бейнесіндегі тапсырма: Жақсы өмір сүруге қажетті құндылықтар деп қандай құндылықтарды айтар едіңдер?

«Күн шуағы» бейнесіндегі тапсырма: балалық шақ пен  жеткіншек жастағы мінез-құлықта қандай айырмашылық бар деп ойлайсыңдар?

 «Достық» белгісі бар суреттегі тапсырма: Жақсы өмір сүру үшін достықтың алатын орны қандай деп ойлайсыңдар?

     

                         «Жаңа күнге тілек»  бейне көрсетілімі

 

 

 «Жан  дүниеңді тани біл» жаттығуы
Ал енді тренингке қатысушылар қазір біз ерекше жаттығу  жасаймыз. Алдымызда тұрған стақандарға  әр жақсы қасиетіміз үшін ашық түстерді қолданып суға бояу тамызамыз. Ал жағымсыз қасиеттеріміз үшін  қара түсті суға тамызамыз. Талқылау

      «Мен өмірді сүйемін, себебі ...» жаттығуы

Оқушылар шеңбер болып тұрады да қолдарында бүгінгі сабақтан алған әсерлері жазылған парақтан құбыр жасайды.  Әр қатысушы өмірді сүйетін себебін айтып тұрып дөңгелекті құбыр арқылы бір-біріне қарай жібереді. Осылайша дөңгелек айналып келіп, психологқа жеткенде бәрі бірдей «Біз өмірді сүйеміз, өйткені  ӨМІР-ӨМІР СҮРУ ҮШІН БЕРІЛЕДІ» деп хормен айтады.

 


 Қорытынды.

Мен өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі тренинг - сабақты аяқтағым келіп отыр. сау болыңыздар!

 

Жанат ДОСАНОВА, 

П.Тәжібаева атындағы жалпы орта

 мектебінің педагог психологы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы.