Шымкент қаласы,

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін

мектебінің география пәнінің мұғалімі Зулфибекова Айша Мирайдаровна

                                                                   

 

Мектеп:  Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды;
  • Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді;

Сабақ мақсаттары

v Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттайды  және картадан көрсетеді.

v Картаны қолдана отырып дүниежүзі бөліктерін таба алады, мұхиттарды сипаттайды;

v Мұхиттарды толығымен сипаттай алады және картада көрсетілген географиялық нысандардың дұрыс орналасуын біледі

Бағалау критерийлері

Барлығы:

- Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттай және картадан көрсете алады;

Көпшілігі:

- Картаны қолдана отырып дүниежүзі бөліктерін таба алады, мұхиттарды сипаттай алады;

Кейбіреулері:

-Мұхиттарды толығымен сипаттай алады және картада көрсетілген географиялық нысандардың дұрыс орналасуын біледі

Тілдік  мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Пәндік  лексика және терминология: гидросфера, мұхит, құрлық арал,тұбек,шығанақ,бұғаз. 

Құндылықтарды дарыту

Жаһандық азаматтық: Мұхит суына байланысты, дүние жүзілік мұхиттың және жергілікті жердің жер үсті, жер асты сулары тақырыбында  қозғалады.

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында  оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен судың үш түрлі жағдайында байланысады

математика пәнімен есеп шығару барысында байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-ны пайдалана отырып мұхиттың құрамдас бөліктерін кескін картада бейнелейді.

Бастапқы білім

 

Алдыңғы сабақтағы «Гидросфераның құрамдас бөліктері» тақырыбында алған білімдер .

Сабақ барысы

кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

    Сәлемдесу, түгелдеу

Презентация

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

  

 

 

10 мин

 

 

 

 

10 мин

Өткен сабақты бекіту үшін тапсырма

1 аялдама . «Байланысшылар жағалауы»

 Кемемізде тұщы су қоры аз. Біз байланысшыларға көмектессек қана олар бізге су береді. Сондықтан қазір «Теңестіру тапсырмасын»  орындаймыз.

Жауабы: 1-л, 2-қ, 3-к, 4-ж, 5-е, 6-г, 7-д, 8-с, 9-в,

                10-б, 11-ә, 12-а

Бағалау:  Мұғалімнің тексеруі арқылы. Оқушы тапсырманы орындау барысында мұғалім бірден бағалап жүреді.

2-аялдама «Суретшілер шығанағы»

      Миға шабуыл

    Суреттер және бейнебаян  (https://www.youtube.com/watch?v=Yiu9eoi9qgY )  көрсету арқылы тақырыпты ашу

      Тақырыппен таныстыру, түсіндіру

Бейнебаян  көрсету.  Сынып топқа бөлінеді   Оқушыларға 4 мұхит және сол мұхиттарға байланысты  жазылған қағаз таратылады. Оқушылар парақшада жазылған нысандар арқылы мұхит тобына жиналады.

        Тынық     Атлант       Үнді     Солтүстік мұзды

Мұхиттарға сипаттама беру.

Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға (көлемі, географиялық орны, ерекшелігі, теңіздері, бұғаздары, шығанақтары, қандай құрлықтарды шайып жатқанына) сипаттама береді.

3-аялдама Сынақ түбегі

Тапсырма. Тапсырма топпен орындалады.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

 

Мұхитты және құрамдас бөлігіне сиапттама береді

1

кез-келген бір мұхитты алып жоспар бойынша сипаттайды

 

2

дүниежүзілік мұхит бөліктерін кескін картада белгілейді

 

3

төрт мұхиттың аудандарының салыстыру нәтижесін диаграммада көрсетеді

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды

Дайындалуға 5 минут, қорғауға әр топқа 2 минуттан беріледі

Әр топтан алған ақпаратты оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Сергіту сәті

«ЭЛИАС» немесе  «Басқаша  айт» әдісі.

Әр топтан бір бір адамнан шығады. Тақырыпқа сәйкес сөздерді таңдап,стикерге жазып ,өзінің  қарсыласының маңдайына  жапыстырады, ол өз тобына бұрылғанда ,топ мүшелері не сөзекенін оған жанамалай түсіндіреді,ол оны табу керек. Мариан   Гольфстрим   Дрейк  Мадагаскар

 

презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.twig-bilim.kz/film/tsunami-5414/

 

 

 

 

Флипчарт

Мәтін

Маркер

Қосымша

материалдар

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау

 

Атлас

Сабақтың соңы

 

 

 

Жаңа білімді бекіту.

2 мин

 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия1 мин.

4-аялдама «Қазыналы арал» 

Сабақты бекіту:

Бекіту кезеңі: “Кім жылдам”

11.Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхитты ата?

Үй тапсырмасын беру. §26 оқу, мазмұндау.

  1. Кескін картаға мұхиттар мен оның бөліктерін түсіру.

Сабақ соңында:

«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады, өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.

Оқушыларға бүгінгі сабақты кері байланыс жасауды ұсынамын. Яғни  Мен білдім......Мен қолдана аламын.......... Мен өздігімнен орындай аламын......................

 

Оқушылар жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді.

Үй тапсырмасын өздеріне жазып алады

Барлығы: өз білгенін ашық айта алады;

Көпшілігі: нені қолдана алатынын айта алады;

Кейбіреулері:өздігінен нені орындай алатынын айта алады.