ДОМБЫРА – ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол қазақтар өмірінде маңызды орын алатын,өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.Домбырада адамға ұқсас бас, екі құлағы, екі көзі, мойыны, екі ішекті сөйлейтін тілі бар. Киелі домбыра аспабының үні бар жерде жамандық болмайды. Ол адамның рухани жан дүниесін музыка арқылы емдеп, мінез құлқын жөндеуге, шығармашылыкпен ізденуге баулиды, сабырлы болып еңбек етуге үйретеді.Әр қазақ шаңырағының төрінде домбыра ілулі тұрса – қандай тамаша. Қазақ шаңырағындағы ең басты қуаныш – сәбидің дүниеге келуі. Сол нәресте туғанынан ұлттық саз аспабы домбыра дауысын естіп өссе, ержете домбыраға, бабадан қалған асыл мұраға құмар болады. Шежіре тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрін, қазақтың бойындағы қасиетін домбыра арқылы түсінуге болады. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыртолғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге ДәулеткерейТәттімбетСейтекБайсеркеҚазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Шымкент қаласының орталығында орналасқан Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының 40 жылдық тарихы бар. Адам баласының тағдыры сияқты заманауи тұрғыдан болсын жаңалықтар тұрғысынан болсын балаларға берері көп бұл орталықта «Домбыра» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушылардың табиғи талантын дамыту және шығармашылыққа бейімдеу; балалардың ой-қиялын дамыту; ойлау қабілетін айналадағы өмірге көзқарасын дамыту; байқау, фестиваль, көпшілік-мерекелік концерттерге қатысып, үйірме жұмысының нәтижесін көрсету - басты мақсат.

«Домбыра» үйірмесінің міндеті үйренуші талапкердің зейін жинақылығын қалыптастырып оның материалды ұқыпты түрде меңгеруіне баса назар аудару; оқыту барысында болашақ домбырашының берілген шығарманы техникалық және көркемдік тығыз бірлікте меңгеруіне және олардың жас ерекшеліктеріне, әрқайсысының қабілеті мен музыкалық сауаттылығы деңгейлерін ескеру; бала