Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені пайдалану

Пән

 

 

 

Сабақ тақырыбы

Екі таңбалы сандардың графикалық моделі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5.2.1 Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру

Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құрады және графикалық моделі бойынша сандарды анықтайды.

Тілдікмақсаттар

 

  • Екі таңбалы сандардың разрядтарын атау
  • Екі таңбалы санға сипаттама беру
  • ·бірліктер, ондықтар, разрядтар:
  • ·есептеу, тура ретте есептеу, керіреттеесептеу;
  • ·артық; кем; … қарағандаартық; … қарағанда кем;
  • ·разрядтық қосылғыштар;
  • ·разрядтық қосылғыштардың жиынтығы;

разрядтардың кестесі

Бұл цифрдің мәні қандай?

Келесі/алдынғы сан қандай?

Осы разрядта санның мәні қандай болады?

Осы санды қандай разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болады?

Құндылықтардыдарыту

 

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

/интернационализм

Білімдерін өмірде пайдалану

Пәнаралықбайланыстар

Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы кезінде дүниетану пәнімен байланысады, оқушылар жануарлардың мекендейтін жері туралы өз білетіндерін айтады.

АКТ қолдану дағдылары

Сан қатарын табуға берілген тапсырма негізінде.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

 

40-қа дейін 4-тен аттай отырып санау.

70-ке дейін 9-дан аттай отырып санау.

 

(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналып отырып, сыныптағы оқушылар санын бірліктермен, екіліктермен, бестіктермен, ондықтармен санайды.

«Ауызша есептеу» атты төмендегі тапсырма орындалады.

а)Түстері бірдей сандарды ауызша, шапшаң қос.

в) Дөңгелек сандарды қос.

г) Бір таңбалы сандарды қос.

д) Ең кіші екі таңбалы сан мен ең кіші бір таңбалы санды қос.

Артық сандардың астын сыз

Iтоп

99,   33,  11,  72,  22,       66,    88.

 

1-100-ге дейінгі жазылған сандар қатары жазылған кесте

 

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж, Т) 1 сыныпта 100-ге дейінгі сандар шегінің графикалық моделінің қалай құрастырылғанын еске түсіру. Оқушылардан 1000 шегіндегі сандарды бейнелеудің қызықты тәсілдерін табуды сұрау. 

Өз идеяларын түсіндіру, талқылау.

Текшелер арқылы бірлесе отырып, сандарды жинау.

12 санын жинап көрсету.

Енді осы санды дәптердің тор көздерін пайдалана отырып, көрсетейік.

Бұл 12 санының кграфикалық моделі.

Санды разрядтық қосылғыш түрінде жаз.

«Орындап көр» . Жұптық тапсырма

Бір оқушы екі таңбалы сан жазады, екінші оқушы графикалық моделін құрастырады.

«Ойланып көр»

Тестік тапсырманың жауабын көрсету.

Сергіту сәті

Разрядтық кестені пайдалана отырып, екі таңбалы сандарды  жаз.

Ондық

Бірлік

Екі таңбалы сан

 

Қалыптастырушы бағалау.1-тапсырма.

Графикалық моделі бойынша санды жаз.

2-тапсырма.

24 санының графикалық моделін құрастыр.

Дифференциация

Торлы парақтар мен түрлі-түсті қаламдар,

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=atfuwTwxyGk

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=A1mxje7cmnk

10  20  50  100 номиналды теңгелер

 

 

 

Сабақтыңсоңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.

1-қатарға  сандардың графикалық моделін білемін.

2-қатарға  сандардың графикалық моделін әлі де үйренемін.

Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәне қауіпсіздіктехникасыныңсақталуы