ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ  ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

      Жалпы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнін  оқытуда оқушылардың  шығармашылық  білім негіздерін, сөйлеу  мәдениетін,  ақпараттық  сауаттылығын көтеруді мақсат ететінін ескерсек, онда дәстүрлі оқыту үдерісіне, оның мазмұны мен формасына оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда заманауи мультимедиялық  технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерін енгізу, дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту технологияларын үйлестіре пайдаланып, мұғалімнің оқу материалын дұрыс түсіндіре алуы, кесте т.с.с. көрнекі құралдарды тақырыпқа сай орнымен қолдана білуі, өзіндік жұмысты ұйымдастыруы мен бақылауы т.б. функциялар арқылы жүзеге асады. Оқу үдерісінде компьютер және техникалық оқыту құралдары мұғалімді кейбір жұмыстардан босатады және басқару тиімділігін арттырады. Өйткені өтілген материалды толық, тез меңгеру үшін әр алуан оқу құралдары қажет, яғни бор, тақтадан бастап, күрделі құрылғыларды айтуға болады.

    Оқу құрал жабдықтары мұғалімге оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу материалын терең меңгеруін қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне, жаңа білімді өз бетінше алуына және оны практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға жәрдем етуі тиіс.

 Ал, қазіргі ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда, заманауи мультимедиялық технология құралдары мен интерактивті тақта құралдары жоғарыда келтірілген оқу құрал-жабдықтардың орнын тиімді алмастыра алатындығы даусыз мәселе. 

    Жалпы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнін  оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлі және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Педагогикадағы дәстүрлі “ нені оқыту керек?”, “не үшін оқыту керек?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарына жауап іздеумен қатар “қалай нәтижелі оқыту керек?” деген сұраққа жауап іздеу оқыту үдерісін технологияландыру мәселесіне алып келеді. Бұл компьютерлік технология негізіндегі оқыту әдістерін жетілдіріп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту  мақсаты  →  мазмұны → құралы  немесе мақсаты → әдістері → құралы  т.с.с. ол мақсат,  мазмұн  және оқыту  әдістерін, олардың өзара  байланысынан  құралған. Оқыту  мақсатының  өзгеруіне  орай, оның  мазмұны  да  өзгереді.  Мазмұнда  оқушыларды  өзбетінше  жұмыс  істеуге  үйрету  болды. Оқыту  мақсатының  өзгеруі мен  басқа  да  компоненттерге,  оның ішінде  оқыту құралдарына   да  әсер  етті. 

Оқыту технологиясы – ЮНЕСКО-ның анықтауы бойынша  білім беру  формасын  тиімділеудің  алдына қойып отырған негізгі мәселесі-бүкіл оқыту үдерісін  ұйымдастыру, қолдану мен анықтау, сонымен бірге, техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара іс-әрекетін  істей отырып, білімді меңгеру болып табылады. Дәлірек айтқанда, оқыту технологиясы дегеніміз - әртүрлі оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, оның ішінде компьютерлік және электронды құралдарды тиімді пайдалану. Компьютерлік технология құралдары оқу үдерісінде келесі мақсаттарда қолданылады; 

1. Оқушының  пәнге қызығушылығын арттыру;

2. Оқушыға білім беру мен оны өзіндік жұмысқа үйрету;

3. Білімді оқыту мен бақылау;

4. Дағдыларды (сөйлеу жазу және т.б.) бекіту мен дамыту;

5. Мұғалім мен оқушының жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;

6. Анықтамаларды (Библиография,  шығармалар, тарихи мәліметтер және т.с.с.) алу,

7. Оқушылардың  компьютерде жазу дағдысын дамыту;

8. Оқушының пәндік үлгерімі, оларды талдау, сабаққа қатысуы мен тәртібі жайлы мәлімет алу;

9. Сергіту мен ойынды ұйымдастыру [1-4].

        Мультимедиалық технологиялар саласындағы мамандардың пікірінше, бұл саланың дамуын анықтайтын факторлардың бірі – дербес мультимедиалық компьютерден желілік жүйеде жұмыс істейтін мультимедиалық кешендер ортасына өту процесі. Қашықтан оқыту жүйесінің техникалық жабдықталуы компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда компьютерлік желілер жөнінде біршама түсінік қалыптасқанымен, мультимедиалық технологиялар туралы біздің түсінігіміз мардымсыз. Осыған байланысты бұл технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырамыз.

          Мультимедиалық құралдардың  жалпы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнін  оқытуда тиімділігін оның мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады.

    Жалпы, педагогикалық зерттеу нысанына қолданылатын жүйе мынадай құрылымдардан тұруы керек:

-   оқытудың мақсатын анықтайтын әлеуметтік жүйеден;

-   оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақпараттық жүйеден;

-   нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен;

-   оқыту процесін ұйымдастырушылық жүйесінен.

Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:

-   Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;

-   Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;

- Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;

Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.

 Дидактикалық шарттар:

а) Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.

     Ескере кететiн тағы бiр жайт, бұл шартты қанағаттандыру үшiн бiз алдымен, мультимедиалық технологияларды өзiнiң педагогикалық iс-әрекетiнде толық пайдалана алатын болашақ мұғалiм мамандарын жоғары оқу орындарында кәсiби даярлауды жолға қоюымыз керек.

ә) Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру.

Көрнекі оқыту әдістерін тиімді пайдаланудың негізгі мәселесі практикада белсенді әдістерді табу және қолдану болып табылады. Сонымен бірге оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.  Қойылған мәселені шешу үшін  оқылатын нысанның негізгі сипаттарын анықтау және  көрнекілік анықтамасын беру. Оқу қызметі үрдісіндегі көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын көрсету. Осындай ғылыми негізделген жұмыс көрнекі құралдарды тиімді пайдалану әдістемесін және оқытуды ұйымдастыру әдістерін жасауға әкеледі. Зерттеулерімізде оқылатын нысанның бүтіндігін өрнектейтін ғылыми құралдарды табу үшін жүйелік тұрғыдан қарастырдық. Көрнекі оқытудағы әртүрлі әдістер ішінен нысан -жүйе құрайтын, оның қасиеттері мен белгілерін зерттеп бөліп көрсету керек. Ғылыми әдебиеттерде оны жүзеге асырудың, жүйеге келтірудің жолдары бар. Екі негізгі жолды қарастырайық:

-              талдау кезеңдерінің мақсатын анықтау жүйесін іздеу;

-              жүйелік сапа және интеграциялау жүйелерін іздеу.

Бірінші жолдың мағынасы мынада. Ортадан жүйені бөліп алуды мақсат атқарады.  

Жүйелік принципін іске асыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

-   жүйе құрайтын фактор ретінде мақсатын анықтау, объективті реальды шындықтың элементтер жиынтығын анықтауға келтіретін жүйе;

-   жүйе компоненттері арасындағы өзара байланыс құрылымын орнату;

-   оның динамикадағы ерекше құрылымын анықтау;

-   оның генезистегі, қалпына келудегі жүйе зерттеуін қарастыру.

Екінші жолы біріншісінің жалғасы және толықтамасы болып табылады.

Педагогикадағы және әдістемедегі бар әдістерді қолданып, көрнекі оқыту түрлерін және көрнекі құралдарды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтадық. Көрнекі оқытудың құрылымын оқып-үйренгеннен соң көрнекі оқыту жағдайында танымдық қызметті ұйымдастыру жүйесін модельдеу керек. Көрнекілік проблемасын тарихи тұрғыдан қарастыра отырып, көрнекілік түсінікті алғашқыда сол заттың немесе құбылыстың көру қабылдауына қатысты екендігін білдік. Кейініректе, ол сезімдік қабылдаудың (есту, көру, сипап сезу, иіс арқылы, дәм арқылы сезу) түсінігі ретінде қарастырылды. Содан кейін, көрнекілікті зерттеуде бақылау және тәжірибе, практикалық іс-әрекет қосылды делінді. Көрнекілік деп,  нақты зат бейнесін түсінген.

  Жүйелік зерттеулерде көнекілікпен оқытуды анықтау үшін жүйенің компоненттік құрамын орнату. Берілген үрдістегі әртүрлі ғылыми зерттеулер мен жинақталған тәжірибелерді ескерген дұрыс.

  Көрнекі оқытуда мақсатты орнатудың ролі ерекше маңызды. Бұл компоненттерді біз, Ф.Фребель, И.Гербарт, К.Д.Ушинский және оның шәкірттерінің еңбектерінен көреміз. Қандай да бір нәрсеге үйрету алдында, объектіден тірек сапаларын бліп алуымыз керек. Сөйтіп, нені оқытамыз, яғни мақсатты қойып, мақсатты орнатуымыз қажет. Бір мақсатты орнатуда оқыту үрдісі көрнекі болуы мүмкін, ал басқада бұл үрдіс тіптен көрнекі болмайды. Мақсатты қою әдістері әртүрлі бейнелік. Көрнекі оқыту – перцептивтік жоспарда қызмет, іс-әрекеттің анықталған түрі. Я.А.Коменский, Г.Песталоцции оқыту негізі адам баласының нысан мен құбылыстарда сезімдік қабылдауы деп есептеген болатын.

  Жалпы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнін  оқытуда мультимедиалық технологияларды қолдануға  а ұсынылатын оқу материалдары  көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет. Сонымен қатар, мультимедиалық технологиялар оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiрудi және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзудi жолға қоядыү

Сальменова Жамал Ануарбековна - Төлеби ауданы,  «Ш.Уәлиханов»  жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы – РЖА Кеңесшісі, ҚПА профессоры, «Нобель» медалінің иегері