Ханталапай ойыны

 

 

Гүлсара ТАЖИЕВА,

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп

интернат-лицейінің дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі.

Созақ ауданы Түркістан облысы. 

                                                                    

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4. Қазақтың ұлттық ойындары

 

Мектеп: Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі

 

 

 
 

 

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Тажиева

 

 

 
 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы

Қазақ  ұлттық ойындары. Ханталапай ойыны

Оқу мақсаттары

5.2.2 2 Жарыс кезінде адал ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру. Асық ойынын жаңғырту, асық ойыны арқылы тез есептеуге дағдыландыру. Қазақтың  ұлттық ойындары  арқылы балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, салт-дәстүр арқылы ой-өрісін дамыту. Ойындар арқылы баланы ұлтжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін және Отанға деген,туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту

   

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушы қазақтың ұлттық ойындарын біледі.

Көбі: Білім алушы қазақтың ұлттық ойындарын біледі, түрлерін ажыратады.

Кейбірі: Білім алушы қазақтың ұлттық ойындарын біледі, түрлерін ажыратады, атауларын атайды.

Жетістік критерийлері

Жарыс кезіндегі ұйымшылдықты көрсетеді.

Тілдік  мақсаттар

 

Ұлттық ойындар, ханталапай асық, еңкею тақтайлары, құрсау, қоржын тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау қауіпсіздік орамал тастау теңге алу

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физики, математика

АКТ қолдану дағдылары

асықтар, қоржын, слайд жылжымалы тақта

Бастапқы білім

 

Сергіту жаттығуларды орындайды.

                        

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

 

Дайындық  бөлімі.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Әр топ жалпы дене жаттығуын жасайды

 

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың ортасы 

25 мин

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қойешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен қалпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi

Ханталапай. Бұл ойында екі баладан бес-алты балаға дейін (алаша не сырмақ төселген тегіс жерде) ойнай алады. Бір асықты (түрі қызыл болса тіпті жақсы) ішінен «хан» етіп сайлайды. Ол асық қосқан кенейлер санына қосылмайды. Асық иіріп немесе санамақ арқылы бірінші ату кезегіне ие болған бала асықтарды қос уыстап алып, араластырып, шашып жібереді. Ойыншылар бірден «ханның» қалай түскеніне қарайды. «Хан» алшы тұрса, таласа-тармаса жаппай қарманып, мол үлес алып қалу үшін, асықтарды бас салады. Балалардың жинаған ұпайы, алып үлгерген асығына қарай есептеледі. Бас салған кезді «Ханталапай» деп айтады.

«Хан» тәйке тұрса, тәйке тұрған асықпен, бүгі жатса-бүгі, шігімен жатса шігімен жатқан асықпен атып алынады. Атқанда сұқ қолдың басымен, сүйретпей, ақырындап ішке итеріп, не сыртқа шертіп тигізу керек. Егер «Ханды» басқа түстес асықтар қоршап жатса, онда сондай жұп асыққа бармақты жалап сулап, басып, көтеріп әкеп үстінен тастау керек. Бұл тәсілді «Ханды» атып алғаннан кейін бірін екіншісімен атып алу үшін басқа жұптарға да қолдануға болады. Бірдей жұптарды біріне бірін атып тигізгенде, ойыншы оның біреуін ғана иемденеді. Тигізе алмай қалғанда, не көздеген асыққа тимей, басқа асыққа тигенде, ойыншы жеңіліп, кезегін қарсыласына береді. Қарсыласы асықты шашып тастағанда, асықтар үймелеп қалса, не болмаса бір асықтың үстінде бір асық жатып қалса, «Қимыл» деп ойыншы жариялап, кезегін екінші ойыншыға береді. «Хан» омпы тұрса, оны кез келген асықтың түрімен атып алады, ал басқа асық омпы тұрса, бұрын көрген «омпы» деп сүйіп алады да, өз үлесіне қосады. Асық ойындары көп, біздер балалар «ханталапай» ойынын ойнаймыз.


Шеңбер болып ортаға отырамыз, мен ортаға асықтар шашамын.

- Ханталапай ау, ханталапай, ортаға келіндер балақай. Балалар шеңбер болып ортаға отырады.

Балалар қолындағы асық санына қарай тапсырманы орындайды Ханталапай ойында асық шашылады кім көп асық тигізеді сол ойыншы жеңімпаз атанады, ұпай санымен жеңілген оқушылар өз өнерлерін көрсетеді өлең айту, би билеу.

Үлкен бос ойын кеңістігі, Ойын ережелері бойынша ақпарат:

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:

Рефлексия

Балалар бүгін біз қандай ойын ойнадық?

Асық түсуіне қарай қалай аталады?

Балалар қолдарындағы асықтардың түсіне қарай геометриялық пішін құрындар

көк–шаршы

қызыл–үшбұрыш

сары-дөңгелек

Бүгінгі сабақта болған көңіл–күйді бас бармақ арқылы бағалау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?  Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім.

Бас бармақ жоғары/төмен» әдісі арқылы рефлексия жасалды. Кері байланыс. Әңгімелесу тәсілдерін қолдандым. Оқушылардың өз бетінше  тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Ханталапай» ұлттық асық ойындарын ойнауды

2: