Құрметті ұстаздар

Кең байтақ еліміздің барлық өңірлерінде ел мақтанышына айналған қаншама шәкірттер тәрбиелеп шығарған, көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздарымыз және педагогиканы өмірлік мақсатына айналдырған дарынды жас мамандар қызмет атқарып келеді. Ұстаздарымыздың ерен еңбегін бағалау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлкен маңызға ие құнды дүниелерінің жалпы ұстаздар қауымының игілігіне айналуын қамтамасыз ету – еліміздің өркендеуіне қосқан үлкен үлес болар еді. Осы жайттарды ескере отырып, «Білім шыңы» оқу-ағарту, ғылыми- әдістемелік, педагогикалық ақпараттық веб порталы өз жұмысын бастады. «Білім шыңы» оқу-ағарту, ғылыми- әдістемелік, педагогикалық ақпараттық веб порталы - тәрбие мен білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту жолында педагогикалық идеяларды іздеу, оқушылар қабілеттерін дамытудағы жоғарғы нәтиже көрсеткен, белсенді шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету, ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату, жалпы мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы мұғалімдеріне арналып ашылған интернет желісіндегі бұқаралық ақпарат көзі. Сіз бен біз шығармашылық байланыста болып, Мәңгілік ел мерейін өсіру жолында еңбек ете берейік!

Тамара Махалқызы

Қазақстан педагогикалық академиясы
вице-президенті

Гаухар Әбілдаева

Қазақстан педагогикалық академиясы
ғылыми-хатшысы