Ғарыш  дегеніміз  не?

Тамара ЮНУСОВА 

Ибрагим Ата жалпы орта  мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облысы, Сайрам  ауданы

 

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

 

Ғарыш  дегеніміз  не?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Ғарыш және жердің ғарыштағы орны туралы түсінік беру;
2) Оқушыларға аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру, меңгерту;
3) Кәсіп тік бағдар беру; табиғатты қорғауға, өз қажетіне пайдалануға турбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: ассоциация, сұрақ-жауап,көрнекілік,баяндау,түртіп алу.
Пәнаралық байланыс: физика, геграфия,қазақ тілі.
Көрнекілігі: тірек-сызба,күн жүйесі моделі,слайдтар,бейнетаспа.

Психологиялық ахуал

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың табиғат – анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.
1. Жұлдыз
2. Ғаламшар
3.Күн жүйесі
4. Әлем
5. Галактика
6. Ғарыш
Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады. Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек
Жазуға берілген уақыт есте сақтау ауқытына тең.
4 кезең.
Ойлауды ұйымдастыру Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.
Жұлдыз - жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді. (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады. Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю. А. Гагарин. Жерді 108 минут бойы бақылады.
Мәтінді оқу жылдамдығы

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық

1. Көгі «жүр» дейді

2. Қанаты бар ұшпайды, Қызылы «тұр» дейді су астында қыстайды. (бағдаршам) (балық)

3. «Бейбітшілік құсы» деп,

4. Күндіз бәрі қашады Атайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады (көгершін) (жұлдыз)

5 Құс сияқты, құс емес,

6. Көреді бәрін өзгенің, Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін. Қақпайды бір қанатын (көз) Жүрсе де тым биікте (ұшақ)

7. Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе)

 8. Қиналмай көтеріп, Өзінен ауырды Жорғалап кетеді Жүкшідей кәдімгі (құмырсқа)
- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен? - Ғарышкерлер Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді? Өз ойларын сұрау - Ғарыш айлағы дегеніміз не? Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын. Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма? Қалай аталады? Байқоңыр. Жарайсыңдар, балалар. Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды. Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтылып кетеді.

Сергіту сәті:

Аспан, аспан арайлым

 Саған жиі қараймын

 Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын.

 Дәптермен жұмыс

Жұмбақтар шешелік:
Алтын түстес дөңгелек,
Аспанда тұр дөңгелеп.
Нұрын еміп құлшынып,
Сүйеді бір тіршілік. (күн)
Аспанда шашқан тарыдай,
Жымың қаққан жарып- ай?(жұлдыздар)

Сергіту сәті

«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

Ой толғаныс

Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......» Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады. 1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер? 2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады? 3. Ғарышкерлер қандай болу керек? 4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?

Үйге тапсырма

\Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады